Алдын-ала карантин мерзімі екі апта деп белгіленді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағанды облысының Абай қаласында вирусты гепатиттің "А" түрі етек алған. Індеттің таралуына су құбыры жүйелерінің ауыр жағдайы түрткі болды деп саналуда.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 13-қыркүйек күнгі кешкі мәліметі бойынша Абай қалалық ауруханасының жұқпалы ауралар бөлімінде "вирусты гепатит" деген диагнозбен 115 адам жатыр.