Абай Құнанбаев бейнелернген қолдан тоқылған кілем ақын шөбересінің өтінішімен Семейдегі мұражайға берілді

«Абайдың шөбересі Алматыда ақпан айының басында 85 жасында дүниеден озды. Ғазел Мағауияның соңғы тілегі қолдан тоқылған бірегей кілемді оның ұлы бабасының мұражайына беру туралы шешімі болды. Кілем қолдан тоқылып, онда тау басында қолына кітап пен қарындаш ұстап отырған Абай Құнанбаев бейнеленген», - дейді мұражайдың бас сақтаушысы Мейрамгүл Қайрамбаева.

Мамандардың ақпараты бойынша, гобелен техникасымен жасалған кілем ақынның 100-жылдық мерейтойына орай дайындалған.

Қорық мұражайдың тағы да бір құндылығы - Абай Құнанбаевтың жақын досы Көкбай Жанатайұлының өмірінен қызықты деректерді баяндайтын 130 жыл бұрынғы құжаттар мен газет мақалалары. Қызметкерлер бұл құжаттарды Мәскеу мұрағатынан тауып алған.

«Біз Көкбайдың дарынды ақын әрі сазгер болғанын бұрыннан білеміз. Жаңа құжаттар Көкбай Жанатайұлының Семей облысының әскери губернаторының бұйрығымен би атағын алған деген деректі растайды» - деп түсіндірді Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкіров.