Абай Құнанбайұлының шөпшегі дүниеден озды

Бұл туралы Абай қорық-музейінің экс-директоры Жандос Әубәкір Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлады Адырна порталы. 

“Хакім Абайдың Алматы қаласында тұратын ұрпағы Айдар Бағфурұлы дүниеден озыпты. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!»-деді ол.

Айдар Ақылбаев 1949 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласында қызмет істеген.


Айта кетейік, марқұмның артында ұлы, Абайдың қазіргі күнгі еркек кіндіктен тараған соңғы ұрпағы Данияр Ақылбаев қалды.