ТЖМ ақпаратына сәйкес, "14 қаңтардағы 00 сағат 15 минуттағы жағдаймен 32 К10-С вентиляциялық штрегіне су жіберу одан әрі жалғасуда ( 565 текше метр су жіберілді). "Көмір" әскерилендірілген құтқару қызметі 32 К10-С конвейерлік штрегіне барлау жүргізді. 32 К10-С конвейерлік штрегіне ПК 33+7 деңгейіне дейін су жіберілді. 32 К10-С вентиляциялық штрегіндегі газға қатысты ахуалға қашықтан бақылау жасалуда".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтар күні таңертең 9 сағат 20 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. Жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған. Қазір 14 адам Қарағанды мен Абай ауылындағы ауруханаларда жатыр.