Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, нақтылғанған мәліметке сәйкес, жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған.
"12 сағат 30 минуттағы жағдаймен 158 адам жер бетіне шығарылды, соның ішінде 7 кенші жараланған. 7 адамның мәйіті табылды. 26 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстарына құтқару жұмыстарына әскерилендірілген құтқару қызметінің 8 бригадасы жұмылдырылған. Апат салдарынан болған қирау ауқымы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санына қатысты мәліметтер нақтылануда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды.