""Арселор Миттал Теміртау" компаниясы қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларының алдындағы міндеттемелерін орындай бастады", - деді Н. Нығматулин.
Оның түсіндіруінше, ұжымдық келісім-шарт бойынша барлық қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы көлемінде бір мәрте төлем берілді. "Есеп бойынша әрбір отбасына 6 - 20 млн теңгеден бөлінді", -деді әкім.
Бұған қоса, қаза тапқан кеншілердің балаларын оқыту төлеміне қатысты мәселе шешілді. "Барлық балаларға, соның ішінде жаңа туған нәрестелерге де, тиісті жасқа толған кезде жоғары оқу орындарына түскен жағдайда оқыту төлемі төленетіндігіне кепілдік берілді", - деді Н. Нығматулин.
"Бұған қоса жұмыс беруші осы отбасылардың тұрмыстық-баспаналық жағдайын жақсартуға немесе қаза тапқандардың банктен алған несиелерін өтеуге барлық шараларды алатын болады", - деді әкім. Қарағанды облысы әкімінің айтуынша, әрбір отбасына 80 мың АҚШ доллары көлемінде пәтерлер сатып алуға шешім қабылданды.
"Барлық 30 отбасы бөлінген ақшаның аясында пәтер алуға, кейбіреулері екіден пәтер алуға ниет білдірді", - деді Н. Нығматулин. Осыған байланысты, оның айтуынша, 48 пәтер сатып алу қажет, соның ішінде 21 отбасы үшін 32 пәтер сатып алынды. "Ал қалған отбасылар әлі де баспана таңдауда", -деді әкім.
"Ал көмір департаменті әрбір отбасына тұрмыстық техника мен жиҺаз сатып алу үшін 400 мың теңгеден бөлді", - деді Н. Нығматулин.
Оның айтуынша, жұмыс беруші қаза тапқандардың отбасылары тұратын баспананы жөндеуден өткізу міндеттемесін жүктеп алды. "Қазіргі жағдаймен тексерулер жүргізілді, сәуірде жөндеу жұмыстары басталады", - деді әкім.
"Заңнамаға сәйкес, мемлекет тарапынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап арнаулы жәрдемақылар төлене бастады. Басқа да шаралар қолданылып жатыр : қаза тапқандардың отбасыларының 40 мүшесі жұмыс орындарын ауыстыруға ниет білдірді, қазір бұл мәселе шешіліп жатыр", - деді ол. Қаза тапқандардың медициналық көмекке мұқтаж туыстары емдеуден өткізілуде. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне ведомстволық дауажайларға жолдамалар бөлінеді", - деді Н. Нығматулин.