Департамент ақпаратына сәйкес, жарылыс кезінде шахтада 195 адам болған. 11 сағаттағы жағдаймен жер бетіне 100 адам шығарылды, 4 кенші қаза тапты, 3 адам жараланды.
ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құтқару жұмыстарына әскерилендірілген құтқару қызметінің 8 бригадасы жұмылдырылған. КР үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ Владимир Божко оқиға болған жерге шұғыл аттанып кетті. Апат салдарынан болған қирау ауқымы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санына қатысты мәліметтер нақтылануда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды.