"Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде зардап шеккен кеншілердің отбасыларына арнап 13 млн жуық теңге жиналды

"Ақша кәсіподақ және қоғамдық ұйымдарлдан, қарапайым адамдардан келіп жатыр. Олардың арасында тіпті зейнеткерлер де бар. Ең қомақты ақша - 1,6 млн теңге парламент сенатынан келіп түсті", - деді А. Мадиярова.

Оның айтуынша, ақша әлі де келіп жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтарда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ көмір департаментінің "Абай" шахтасында метан шығу салдарынан жарылыс болды. Соның салдарына 30 кенші қаза тауып, 14 адам ауруханаға жатқызылды.