"Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды - прокуратура

"Уақытша тоқтату өрттік - жарылыстық - техникалық сараптама жүргізумен байланысты және тек сараптама нәтижелері алынғаннан кейін ғана қайта жалғасын таппақ", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Құзбақов.

Қылмыстық іске тергеу жүргізілгелі 4 ай болды. естеріңізге сала кетсек, 11 қаңтарда "Арселор Миттал Теміртау" АҚ тиесілі "Абай" шахтасында жарылыс болып, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 12 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.