«Бұл британдық Карл Дженкинстің «Шәкәрім» және «Абай» сюиталарының әлемдік тұсаукесері болады. Classic FM нұсқасы бойынша ол ең танымал және қазіргі заман композиторларының ішінде ең көп сатылатын ондыққа енген», - деп жазады басылым.
Дженкинс - қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиевтің серігі және досы. Мараттың шақыруымен ол Қазақстанға келіп, Абайдың әуендерінен әсер алған. Композитор оның әуендерінің ғажайып музыка екенін және оны бұзуға болмайтынын атап өткен. Абай шығармалары бір аттас сюиталардың негізіне енген. Ол бүгін Корнеги Холлда орындалады.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, дирижерлікті автордың өзі жасайды. Ал оның шығармалары Марат Бисенғалиевтің басқаруымен Алматының симфониялық оркестрінің орындауында өнер сүйер қауымға таныстырылады.