Бекітілген кесте шеңберінде ағылшын композиторы К. Джекинстің «Абай - Шәкәрім» туындысы орындалатын концерт, Бүкіләлемдік поэзия күнінде «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» фестивалін, театрлық фестивальдер, Қара сөз оқу бойынша шағын қойылымдар қою, Абай шығармалары бойынша түрлі концерттер ұйымдастыру жоспарланған.
Сондай-ақ, «Абай рухани орталығының» және сирек кездесетін кітап Мұражайының таныстырылымы, түрлі көрмелер, ақындар айтысы, абайтанушылардың дәрісі, жастар байқауы өтеді.
Жазда «Абаймен бірге өткізген күндер» туристік бағыты жұмыс істейді. Онда Абайдың өмірімен және шығармашылығымен байланысты мекендерді көруге болады.
Ақпарат орталығынан хабарлағандай, «Біздің Абай»/ «Наш Абай» электрондық кітапханасын Өскемен мен Семей қалаларында таныстыру көзделген. Абай атындағы кітапхана сайтына «Абай оқыған кітаптар» виртуалды көрмесін орналастыру көзделген. Мерейтойлық шаралар «Жидебай - Бөрілі» мұражай кешенінде де өтеді.