Абайдың “Қара сөздерін” оқуға кеңес берген Айсәуле Бақытбек жұртты таңғалдырды

“Менің Instagram-ға салатын суреттерімнің жиілігін байқаған шығарсыз. Кейде ойыма #icestories салатын тақырып келмей, бір-екі апта ештеңе жарияламай қоятын әдетім бар. Осындай уақытта маған көмектесетін «дәрі» – кітап. Сізге берер кеңесім: егер сіз журналист болсаңыз, шабыт іздесеңіз немесе жай ғана қаламыңызды ұштап, өз-өзіңізді дамытқыңыз келсе, кітап оқыңыз. Мен қазақ мектебінде оқыдым. Ал орыс тілін, грамматикасын, пунктуациясын кітап арқылы меңгердім.

«Кітап оқу қызықсыз» деген сөзді мен жастардан көп естимін. Бірақ мен олардың кітапты шын пейілімен мағынасын түсініп оқыды дегенге иланбаймын. Өйткені, әр кейіпкердің бастан кешкен тағдырына қарап, олармен бірге түрлі уақыт кезеңінде саяхат жасауға болады. Бұл қалайша қызық болмауы мүмкін?!” – деген Айсәуле оқуға қажетті кітаптар тізімін ұсынды.

Сонымен Айсәуле Бақытбек ұсынған кітаптар тізімі мынадай:

1. Абайдың «Қара сөздері»
2. Дэниэл Киз «Цветы для Элджернона»
3. Стив Харви «Поступай как женщина, думай как мужчина»
4. Франсуаза Саган «Немного солнца в холодной воде»
5. Флоранд Лора «Француженки не крадут шоколад»
6. Агата Кристи «Таинственный противник»
7. Агата Кристи «Партнеры по преступлению»
8. Пола Хокинг «Девушка в поезде»
9. Сара Джио «Ежевичная зима» (Осы кітапты бір күнде оқыдым. Осыдан бастасаңыз болады)
Сөз соңында Айсәуле оқып болған кітаптарын балалар үйіне жіберетінін атап өтті.

Бір қызығы, желі оқырмандары аталған постты Айсәуленің өзі жазғанына күмән келтірген.


Оқи отырыңыз:

Орал маңында шашылып жатқан адам сүйектері мен киім қалдықтары табылды 

Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Бұл сұраққа білім беру басқармасы жауап берді 

Жерге елес-астероид жақындап келеді