Абайлаңыз: Алматы облысында алаяқтар өріп жүр

Соңғы тәулікте полицияға алаяқтар әрекеттерінің құрбандары болған 16 адам шағымданды. Олардың көп бөлігі жер телімдерін ресімдеу және сатып алу-сатумен байланысты. Сондай-ақ, банктерде несиелерді басқа адамның есімімен алу фактілері тіркелді, бұл ретте қылмыскерлер гипнозды жиі қолданады. Қандай да сенім құжаттарын ресімдеусіз енді ғана танысқан адамдарға ақшаның үлкен сомасын қарызға беру, түрлі тауарларды сатуға беру фактілері және т.б. бар.

Алаяқтықтың 80-90 пайызында күдіктілер анықталып, ұсталды. Полицейлер тұрғындарды қаржы келісімдерін жасасу кезінде мұқият болуды сұрайды.