Бүгін құрылысшылар екінші қабаттың блогын толықтай бұзды. Амандық Ғаббасұлы 1984 жылы үйді салу кезінде құрылыстың нормалары мен талаптары бұзылғанын, сол себепті жарылыс болып, осындай залал келтірілгенін атап өтті.
«Мен бүгін жұмыстардың бұдан кейінгі барысы туралы шешім қабылдау үшін арнайы келдім. Баспананы салуда анықталған құрылыс нормаларын ескере отырып, біз бірінші қабатты бұзып, оны қайта салу шешімін қабылдадық», - деп атап өтті аймақ басшысы. Ол сонымен бірге, Еркін ауылындағы барлық екіқабатты құрылыстарды тексеруге тапсырма берді.
Құрылысшылармен болған жиналыстан кейін, жұмыс жоспарын белгілегеннен соң облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, құрылыс жұмыстарының болған жағдайға байланысты созылатынына назар аудартты.
«Зақым келген кіреберіс қайта салынады. Ал екінші кіреберісте құрылысты күшейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық жұмыстарды екі айдың көлемінде аяқтау керек», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.
Еске сала кетейік, көппәтерлі үйдің тұрғындары колледждердің бірінің жатақханасына орналастырылды. Олар үш реттік ыстық тамақ және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.