"Әбден садақаға байып үйренген сақалды арабқұлдар": Халық Асар Уме қорына жаппай қарсы шықты

Олар желіде түрлі сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, блогер Еркежан Шайх қорға қатысты түрлі мәліметтерді жариялаған соң, желіде көптеген ақпарат тарап кеткен болатын.

Аталған дәлелдерден соң, қор басшысы пікір білдіріп, халықтан жиналған ақшаның қайда кеткенін көрсеткен еді. Алайда, көпшілік ол сандарға сенбей отыр. Олар желіде сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.