Әбділда Қажымұратова экспресс-бесбармақ жасап шығарды


Тез әзірленетін кеспеге ыстық су құйғанда дайын болуы үшін ол майға әбден қуырылады. Алайда ол қамырдың құрылымы бесбармаққа келмейді. Оған қоса, майға әбден қуырылған кеспе денсаулыққа да зиянды.

Ал Әбділда жайманы майсыз, әрі сапасы жоғалмайтындай етіп кептірудің әдісін тапты. Бір қызығы бұл әдіспен кеспе жасау мүмкін емес. Ол тек тегіс жайылатын қамырға ғана келеді. Ал әзірленуі дәл солай, ыстық суды құйсаң болғаны дайын болып шыға келеді.

Қажымұратованың сөзіне қарағанда, экспресс-бесбармақ өндірісін іске қосуға дайын инвестор де табылыпты.