Әбиба Абужақынова Түркиядағы турнирді жарқын жеңіспен бастады

Әбиба Абужақынова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирін жарқын жеңіспен бастады. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анталья қаласында бастау алған байрақты бәсекеде белдесіп жатқан балуандарымыздың арасында жалғыз Әбиба алғашқы айналымда жеңіске жетті. Отандасымыз Grand Slam турнирінде португалиялық Брито Ракелді иппонмен ұтса, 60 келідегі Нұрқанат белгісіз себептермен бозкілемге шықпады. Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), қыздар арасында Толғанай Әбеуова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг) алғашқы айналымнан аса алмады. Енді Әбиба екінші айналымда ресейлік Кристина Дудинаға қарсы күреседі.