Әбілғазы Құсайынов жұртқа суды үнемдеуді үйретпек

Коммуналдық шаруаға бет бұрған Құсайынов суды ретімен пайдалануға шақырды. Қоршаған ортаға қамқорлық танытып жүрген ол су тасымалдаушы мекемені аралап, қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен де танысты. Сайлауда жеңген жағдайда Құсайынов экологияға баса назар аударғалы отыр.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Адамның табиғатқа деген ұқыпсыз қарым-қатынасын уақыт талабы ретінде қарауға болмайды. Адамның тіршілік әрекеті жүздеген жылдар бойы тек бүлдіруге бағытталды. Егер енді жасампаздық дәуіріне өтпесек, әлемді экологиялық апат күтіп тұр!

Loading...