Әбіқаев сенат спикері қызметінен босатылып, Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалды

"Төрт жылдан бері сенатты басқарып келе жатқан Нұртай Әбіқаев дипломатиялық қызметке кетуге ықылас білдірді. Мен оның өтінішін қабылдадым. Ол Ресей Федерациясындағы елші болады",- деді бүгін сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Сенаторлар Н.Әбіқаевты палата спикерінен босатуды бір ауыздан қолдап дауыс берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті