Ресей мен Беларусь одағының мемлекеттік хатшысының баспасөз қызметінің басшысы Иван Макушок журналистерге жасаған мәлімдемесінде мойындалмаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия республикаларының бірігуі химера болып табылмайтынын атап көрсетті. "Жуырда Абхазия сыртқы істер министрі Сергей Шамба біздің "Союзное государство" атты басылымымызға берген сұхбатында Сухумидің Одақ құру барысын қызығушылықпен қадағалап отырғанын, бірігу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, кезінде Абхазияның КСРО-ның ыдырағанын мүлдем қаламағанын жеткізді", - деді И. Макушок.