Оның бұлай деуіне Франция сотының былтыр шығарған шешімі себеп екен. Онда қашқын олигархты «Ресейге экстрадициялау қажет» деген ұйғарым жасалған. Әблязов 2013 жылы Францияда қолға түскен болатын. Сол кезде Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина арасында қашқын олигархты экстрадициялауға қатысты талас басталды. Үш мемлекетте ірі көлемде алаяқтық жасаған банкир тек Қазақстаннан 7 жарым миллиард доллар ұрлап кеткен. Бұл қыруар қаржы БТА банкінің салымшыларына тиесілі.
Loading...