Жаңадан құрылған белсенді топ өздерінің құрамына еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 50-ге жуық үкіметтік емес ұйымды енгізіпті. Арасында жастар альянсы да, зағиптар қоғамы , тіпті мүгедек балалар ұйымы да бар. Барлығы бірігіп бүгін экс-банкир Мұхтар Әблязовты Франциядан Қазақстанға қайтаруды талап етіп арнайы хат жазған. Тіпті, қажет болған жағдайда, Францияға барып өз қоғамдық пікірімізді ашық түрде білдіруге дайынбыз деп отыр. Қалай десек те, коалиция мүшелерінің бұл ашық хатына Франция елшілігі жауап бере ме, жоқ па - әзірге белгісіз.
Бақытжан Жүнісбеков, «Әблязовты қайтарамыз!» Үкіметтік емес ұйымының мүшесі:
– Біздегі өкілетті елшісінен Франция Үкіметінің Әблязовты біздің елге қайтаруын талап етіп отырмыз. Одан ары қарайғы жазаны қайтарып жатса, біздің құқық қорғаушыларбар, заңға сәйкес олар өздері жазасын береді.