Әблязовтың қос бірдей бизнесі Қазақстанға кері қайтарылды


Франция абақтысындағы экс-банкирге жығылған үстіне жұдырық болған бұл жайтты алдымен бизнестегі үзеңгілесі Тищенко бастаған. Украиналық кәсіпкер мен Әблязов 2007 жылы Ресейдің Новосібір қаласының әуежайы жанында қойма ашқан екен. Жалпы аумағы 806 шаршы метр. Одан бөлек, Екатеринбург қаласында аумағы 280 мың шаршы метрлік қоймада Әблязовтың иелігінен кетті. Бұл екеуінің активтері енді Қазақстанға тиесілі. Естеріңзіге салсақ, БТА Банкі салымшыларының миллиардтаған қаржысын қымқырған Әблязов шілдеде Францияда құрықталған. Оның кепіл ақшамен босату туралы өтінішін сот осы айдың басында қарап, кері қайтарған болатын.