Әблязовтың сыбайласы БТА-да жүргенде жалақысы 5-6 млн болғанын мойындады

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жауап алынған БТА банкі басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары – күдікті Жақсылық Жарымбетов Әблязов банк қызметкерлерін қандай «бонустармен» жарылқағанын жайып салды, деп хабарлайды Baq.kz.

Сол уақытта теңгемен есептегенде менің жалақым өте жақсы болды – ай сайын 5-6 млн теңге. Ол уақытта басқарма мүшелері де жақсы алатын. Одан бөлек, жыл сайын бәрі міндетті түрде бонус – 30 мыңнан 500 мың долларға дейін алып жүрді. Әблязовтың бөлген фискалды бонустарын Садықов та алды», - деп ашық айтты Жарымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Алматыда Әблязовтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Сотта айтылған мәліметтерге сәйкес, Әблязов шамамен 100 адамнан тұрған ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Олардың арасында өзге мемлекет азаматтары да бар. Айыптау актілері жарияланғаннан кейін сотталушылар толығымен және жартылай өз айыптарын мойындады.