БТА-банктің бұрынғы жетекшісі Мұхтар Әблязовтың басшылығымен жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тергеу жөніндегі қылмыстық іс аса күрделі және қомақты істердің бірі болып табылады, онда 150 эпизод бар, іс 2 мыңнан аса томнан тұрады, деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасынан.
" Ұйымдасқан қылмыстық тобының іс-қимылдарынан келтірілгені анықталған залал 7,5 млрд доллардан асып отыр", делінген сейсенбіде Қазақстан Бас прокуратурасынан таралған ақпаратта.
Оның деректеріне қарағанда, қылмыскерлердің іс-қимылдары Қазақстан аумағымен ғана шектелмеген, қылмыстардың басым бөлігі Қазақстанда басталып, басқа елдердің аумағында, РФ мен Украина аумағында аяқталып отырған.
"Қылмыскерлер Қазақстан Республикасы мен отандық қаржылық институттарға ғана залал келтіріп қойған жоқ. Әр түрлі шетелдік мемлекеттердің экономикалық мүдделері мен шетелдік заңды тұлғаларға залал келтірілді. РФ-да Ресей Орталық банкінің ірі тұрақтандырушы займдары мен жеке тұлғаларының салған ақшалары ұрланған. Жалпы алғанда РФ мен Украинаға келтірілген залал миллиардтаған доллармен есептелуде", делінген онда.