Ә.Бөкейхан мұрасының тұңғыш толық жинағы және тұлғалық энциклопедия жарық көреді

өз тарапынан бірқатар жұмысын әзірлеу үстінде. Атап айтқанда, жыл соңына қарай, Алаш көсемінің қазақ және орыс тілдеріндегі мұрасының толық жинағын баспаға ұсынуды жоспарлап отыр. Дәл қазір жинақтың нақты қанша том болатынын кесіп айту қиын. Ол құрастыру барысында айқындалады, деп жазады aikyn.kz.

Сонымен қатар «Алаш» институты «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясын құрастыруды қолға алды.

Энциклопедия - өте күрделі ғылыми еңбек. Сол себепті де оны құрастыруға елдегі жекелеген алаштанушы ғалымдардан, ғылым мен білімнің сан саласының мамандарынан бастап Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институттары, Астанадағы мемлекет тарихы институты, Семейдегі Алаштану ғылыми орталығы сынды ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұжымдары атсалыспақшы.

«Алаш» институты тұлғалық энциклопедияның 3367 сөзден тұратын сөзтізбесін (словник) құрастыруды аяқтап баспаға ұсынып, таяу күндері жарыққа шығады.