Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, Қ. Байтоқаев "Банкроттық туралы" заңды бұза отырып, сатып алушы "Рудснабсервис" ЖШС-мен қойма мен бөгетке байланысты сату-сатып алу келісімін жасаған кезде өзге ұйымдар үшін пайда табу және басымдыққа ие болу мақсатында келісім заттарының тізіміне қойма мүлкінің топтамасы ретінде сауда бұйымы болып табылмайтын техногендік минералдық құрылымдарды заңсыз енгізген.
"Соттың тауарға жасаған талдауының қорытындысына сәйкес, Балқаш кен байыту фабрикасының қоймасында жатқан құрамында алтыны мен күміс бар техногенді минералдық құрылымдардың нарықтық құны 2 149 897 702 теңгені құраған. Оның 2 116 007 084 теңгесі алтын және 33 890 618 теңгесі күміс", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.