«Абсолют-керамик» ЖШС Қостанайда кірпіш зауытын салады


Бұл туралы  қалалық әкімдіктен хабарлады.
Жобаның жалпы құны 4,3 млрд теңге. Қуаты жылына 40 млн кірпіш шығаруға жететін зауыт 2019 жылы іске қосылмақ.
Қазір жоба әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, қаржыландыру мәселесі шешілуде. Құрылыс биылғы жылы басталуы тиіс.