«Әбу-Даби Плаза» кешенінде 2 мың жұмыс орны ашылатын болды

Кездесу барысында «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы «Әбу-Даби Плаза».кешенінің құрылысы аяқталған соң, Қазақстан азаматтары үшін 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатынын хабарлады.

Тараптар «Әбу-Даби Плаза» нысанында жұмысқа ие бола алатын жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде келісімге келді.

«Әбу-Даби Плаза» кешенінің жобасын іске асыруға 17 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 9,5 мыңы біліктілігі жоғары қызметкерлер – инженерлер, мұнаралы кран операторлары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар.

Қазіргі уақытта құрылысқа 3,5 мың қазақстандық азамат тартылған.


Жобаның іске асуына ұсынылып отырған 267 компаниямен АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия, Ресей, Украина сынды 43 елдің азаматтары қатысуда.

Айта кетейік, «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Жоба бойынша инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылыс халықаралық стандарт және жаңа құрылыс технологиялары бойынша жүргізілуде.