Абу-Кай & Жанар Хамитова – Армандаймын әнінің сөзі

Қызғалдақтай қаншама қыз жүргенімен айнала,

Мен олардан ерекшемін, ерекшемін жәй ғана.

Сүйкімдісің дәл сендегі сұлулықты жарқыным,

Менің көрген көзімдей қып көрсетпейді айна да.

Баурап алдың,

Жаулап алдың дидарыңмен сиқырлап 

Бола ма екен, қона ма екен шын махаббат дейтін бар.

Қайырмасы:

Армандаймын күнде сені жаным ойланып,

Қалғандаймын мүлде ғашық болып байланып.

Тағы бақ-ай, әрі қарай бізге бақыт келе ме екен айналып. 

 

Ғашықтықты шатастырып алмайықшы доспен біз,


Жалғыздық та жалықтырар бөлек жүріп не істерміз.

Қыздар өссе елдің көркі деуші еді ғой бұл қазақ,

Елдің емес менің көркім болшы жайнап өскен қыз.

Алайыншы тағайыншы ақ некенің жүзігін,

Өзіңменен табайыншы өмірдің бар қызығын.

Қайырмасы

Армандаймын күнде сені жаным ойланып,

Қалғандаймын мүлде ғашық болып байланып,

Тағы бақ-ай, әрі қарай бізге бақыт келе ме екен айналып.