Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді

Сот бүгін прокурор оқыған тиісті өтінішті қанағаттандырды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сот өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Абылай Исабекұлы Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралады. Шешімге шағым жасауға болмайды", - деді судья Айжан Құлбаева.

Еске салайық, бүгін таңертең Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды.