"Абысынымның бөтен еркекпен жазысқан хатын оқып, жиіркеніп кеттім". Бір әйелдің жан сыры

Әлеуметтік желіде жарияланған хатты Caravan.kz медиа-порталы оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

"Менің айтайын дегенім абысыным жайлы. Ол жолдасының сыртынан басқа еркекпен сөйлеседі. Мен байқаусызда сөйлескендерін көріп қалған болатынмын. Сосын ол менің алдымда ақталып, енді сөйлеспейтінін айтып, ешкімге айтпауымды өтінді. Мен де араларына түскім келмей, үндемей қоя салдым. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін бөтен еркекпен сөйлесіп жүргенін тағы байқадым. "Қойсайшы, күйеуің мен 2 балаңды ойласаңшы" деп ұрысып та, жаймен түсіндіріп те айттым. Жолдасы (яғни менің қайным) бір тамаша жан енді! Отбасы үшін бəрін де істеп жүр. Тұрақты жұмысы да бар, ішпейді, балаларына да керемет үлгі боларлықтай əке.

Абысыныма не жетпейтінін түсінбеймін. "Кеше ВК-дағы парақшамды өшіріп берші" деп нөмірі мен паролін берген. Енді оның атынан кіріп, парақшасын өшірейін деп жатқанымда, жеке хат келіп қалды. Менікі де дұрыс емес шығар, бірақ не болса да оны ашып оқыдым. Сол баяғы бөтен еркек... Екеуінің əңгімесін тіпті оқудың өзі жиіркенішті. Абысыным ұятсыз суреттерге түсіп анаған жіберген бе... Құдай сақтасын... Енді не істерімді білмей отырмын. Кайныма жаным ашиды. Абысыныма түсіндіруден шаршадым. Бірақ қайныма да айтып, араларына түскім келмейді.


Қалай ойлайсыздар, не істегенім дұрыс? Осыншалықты опасыздықты көріп тұрып үндемей жүргенім дұрыс па, əлде не болса да қайныма бəрін айтайын ба?"