ӘЧ-2014: Алжир корей құрамасына 4 гол тоғытты

Бiрiншi таймда алжирлiктер жауапсыз 3 гол соғып, кореялықтарды естен тандырды. Ең бiрiншi допты 26-минутта Ислам Слимани салды, көп ұзамай 28-минутта Рафик Аллиш көзге түстi. Он минуттан соң Абдельмамун Джабу үшiншi голдың авторы атанды.

Екiншi таймда кореялықтар ширай түскенi байқалды. Ойынның 50-минутында Хын Мин Сон есептi 3:1-ге жеткiздi.

Алайда алжирлiктер 62-минутта Браимидiң голы арқылы "таңғы жұпар елi" қақпасына төртiншi допты тоғытты. 72-минутта Джа Чхоль Ку есепті 4:2-ге қысқартты.