ӘЧ-2014: Англиямен тең түскен Коста-Рика плей-оффқа бiрiншi орынмен шықты


 Сылбыр өткен ойында қарсыластар есеп аша алмады - 0:0.

Бұның алдында Италия мен Уругвайды айқын басымдықпен жеңген Коста-Рика D тобында бiрiншi орын алды. Бұл топтың фавориттерi Англия мен Италия, Коста-Рика мен Уругвайға жол берiп, топтық кезеңдi еңсере алмады.