ӘЧ-2014: АҚШ құрамасы біріншіліктегі ең жылдам голды салды - ВИДЕО

Айта кетейiк, АҚШ командасының капитаны Клинт Дэмпси ойынның 29-секундында гол соқты. Бұл Бразилиядағы әлемдiк доданың ең жылдам голы болып отыр. Осыдан кейiн Гана құрамасы үлкен күшпен алға шықты, дегенмен олардың қолынан есептi теңестiру бiрiншi таймда келген жоқ. Екiншi таймда да африкалықтар шабуылдарын минут өткен сайын үдетуiн жалғастыра бердi. 82-минутта ганалықтар Айудiң голы арқылы есептi теңестiре алды. Бiрақ бiрнеше минуттан соң АҚШ құрамасы тағы алға шықты. Бұрыштама соққысынан кейiн Джон Брукс баспен допты қақпаға дәл көздедi.