ӘЧ-2014: Бразилиялық жанкүйерлер Сан-Паулуда жаппай тәртiпсiздiктер ұйымдастырды


Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 7:1 есебiмен жеңiлiп қалған болатын. 

Матч Белу-Оризонти қаласындағы "Минерау" стадионында өткенiн айта кету керек. Ойын барысында Сан-Паулуда жанкүйерлер жаппай тәртiпсiздiктерге бой алдырып, көшеде өрт қойды. Полиция қызметкерлерi оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Әзiрге оның салдары жайында мәлiмет жоқ.