ӘЧ-2014: Бүгін Бразилия-Камерун және тағы 3 матч өтеді

ӘЧ-ның үшінші турында В тобындағы Испания-Австралия және Голландия-Чили өзара кездесу өткізбек. Бұл матчтар Астана уақыты бойынша 22:00-де өтеді. Бірінші кездесуді «Еуразия» Бірінші арнасы», екіншісін «Қазақстан» және «KazSport» көрсетеді.

02:00-де А тобындағы Бразилия Камерунмен, Хорватия Мексикамен ойнайды. Бірінші матч «Еуразия» бірінші арнасынан», екіншісі «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналарынан көруге болады.