ӘЧ-2014: Франция плей-оффқа өттi


Екi команданың футболшылары шабуылдарға жиi-жиi шығып отырғанымен, бұл матчта гол болған жоқ.

Осы ойыннан кейiн Франция құрамасы 7 ұпаймен топта бiрiншi орын алып, 1/8 финалға өттi. Ал Эквадор болса, 3 ұпаймен отандарына қайтатын болды. Гондурасты ұтып кеткен Швейцария 6 ұпай жинап, топтан шыққан екiншi команда атанды. Гондурас бiрде-бiр ұпайсыз жарыстан тыс қалып отыр.