ӘЧ-2014: Коста-Рика ширек финалға өттi (ВИДЕО)

Ойынның 52-ші минутында Брайан Руис костарикалықтарды алға шығарған болатын.

Алайда костарикалық қорғаушы Оскар Дуарте 66-шы минутта екiншi сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттi пайдаланып, гректер қарсыластар қақпасына шабуылдарды үдете түстi және бұл еңбектерi 90+1 минутта ақталды. Сократис Папастатопулос шабуылдардың бiрiнде есептi 1:1-ге жеткiзiп, ойынды овертаймға ойыстырды.

Дегенмен жеңiмпаз ол сында да анықталмады. Пенальтилер сериясында қарсыластар алма-кезек доп тепкен. Бұнда Коста-Рика қақпашысы Навас бiр пенальтидi қайтарып, командасына жеңiс әкелдi.



Ендi Коста-Рика құрамасы 5 шiлде күнi ширек финалда Нидерландымен кездесетiн болады.