ӘЧ-2014: Луис Суарес өзінің Twitter-дегі парақшасында қарсыласын тістеп алғаны үшін кешірім сұрады

 Twitter-дегі  парақшасында ол болған жағдайға байланысты «қатты өкінетінін» мәлім еткен.

«Бірнеше күн мен өзімнің отбасыммен болып, 2014 жылдың 24 маусымындағы Италия-Уругвай матчы кезінде  болған жағдайды ой елегінен өткіздім», - деп жазды спортшы.

«Мен болған жағдайға байланысты қатты өкінемін. Мен Джорджо Кьеллини мен барша футбол құрамасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Жұртшылыққа енді мұндай жағдай болмайды деп уәде беремін», - деп мәлім етті Суарес.

Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді Бразилиядағы әлем чемпионатының матчы кезінде тістеп алғаны үшін Суарес төрт айға футболдан шеттетілді. Оған футбол  ойнауға, стадиондарға келуге тыйым салынған.