ӘЧ-2014: Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Бұл матчта фаворит деп танылған Нидерланды сенсациялық жағдайда матч бойы мексикалықтарға 0:1 есебiмен жол берiп келе жатқан болатын. 

Джованни Дос Сантос 48-ші минутта голландиялықтардың қақпасына гол салған-тын.

Нидерландықтар оқтын-оқтын шабуылға шығып отырғанымен, Мексика құрамасының қақпашысы Очоа бар қауiптiң бетiн сәттi алып отырды. Дегенмен соңғы минуттар қалғанда бiрiншi Уэсли Снейдер, кейiн пенальтиден Хунтелаар есептi 2:1-ге жеткiздi.



Осылайша Нидерланды 1/4 финалға өттi.