ӘЧ-2014-ФИНАЛ: Германия әлем чемпионы атанды

Матчтың негiзгi уақытында қарсыластар белсендi ойын көрсеткенiмен, есеп аша алмай, кездесудi экстратаймға ойыстыруға мәжбүр болды. Қосымша кезеңнiң екiншi экстратаймында (113-ші минут) ұтымды пасты қабылдай бiлген Марио Гетце аргентиналықтардың қақпасына жеңiстi гол енгiзiп кеттi.

Осылайша, Германия 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңiмпазы атанып, өз тарихында төртiншi рет Кубоктi қанжығаға байлады. Аргентина - күмiс жүлдегер.