ӘЧ-2018: Ресей Президенті В.Путин жанкүйерлер чемпионатқа визасыз келе алатынын мәлім етті


Ол сондай-ақ федералдық заңда «2018 жылғы чемпионатқа дайындалуға жәрдемдесетін шетелдіктер үшін арнайы жеңілдікті визалық режім» қарастырылғанын айтып өтті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Ал дүбірлі дода алдында және ол өтіп жатқан кезде ресми қатысушылар - спортшылар, төрешілер, бапкерлерден басқа жанкүйерлер де Ресейге визасыз тәртіппен келе алады», - деп нақтылады Ресей елінің басшысы.