"Кабар" ақпаратына сәйкес, оның кандидатурасы үшін 87 депутаттың 79-ы дауыс берсе, 8 депутат "қарсы" болды. Жарамсыз болған бюллетень жоқ.
Адахан Мадумаров бұл қызметке жалғыз үміткер атанды. Оның атын "Ақ Жол" халықтық партиясы ұсынды. Коммунистер мен социал-демократтар "өздерінің дауыстары ештеңені шеше алмайтынын" алға тартып, өз қатарларынан кандидатура ұсынудан бас тартты.