"Адал еңбекпен". Ақбота Сейтмағамбет үйлі болған қуанышымен бөлісті

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz

"Аллаға сансыз шүкір! Адал еңбекпен + 1 арман. Өз үйім - өлең төсегім. Рахмет саған Ақбота-Нұр! Шығар биігің көп болсын! Мен саған сенемін", - деп жазған Ақбота Сейтмағамбет.

Желі қолданушыларының бірі құттықтап "Қаншама еңбектенді ғой 2 баламен жүріп, қолдаушысы болмаса да. Бақытты бол. Лайықсың" деген  пікірлерін жазып жатса, енді бірі "Әншілерге рахат! Тойға барып ән айтып, пәленбай миллион алып қайтады да үй алдым дейді" деп сынауда.