Caravan Logo

Адам өлтірген жол полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Адам өлтірген  жол  полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қайғылы жағдай болған күні  Сержан достарымен бірге Астанадағы мейрамханалардың бірінде қыдырып, соңында 6 адам болып көлікпен қалаға шыққан екен. Жүргізушіден басқасының бәрі ішімдік ішіпті. Жолда бұл көлікті полицейлер тоқтатады, алайда жүргізуші бұйрыққа бағынбай,қаша жөнелген. Олардың соңына түскен полицейлер көлікті тек қару қолданып тоқтатады. Жол полицейі көліктің терезін қолындағы қарумен ұрып сындырыпты. Сол кезде тапашадан оқ атылып, ең шетте отырған Сержан көз жұмған. Марқұмның туыстары мен достары жол сақшысының әлі жұмыста жүргеніне, оған  қатысты қылмыстық іс қозғалмай  жатқанына наразылық білдірген.  Ал бүгін бұл қайғылы жағдайдың орын алғанын Астана қалалық Ішкі істер департаменті де растап, тергеу амалдары басталғанын жеткізді.


Нұрділда Ораз, Астана қалалық
Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:

- Азаматтың өлімі бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 101 бабымен Жол полициясы басқармасының қызметкеріне қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жургізілуде.