Қазір күдікті Петропавл қаласындағы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Айта кетсек, 14-15 қазан аралығында Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында мемлекетаралық «Іздестіру» жедел алдын алу шарасы өтуде. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды.
Көліктегі ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәулет Мақсұтовтың айтуынша, «Іздестіру» жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты - республиканың түкпір-түкпірінде жасырынған мекенжайы белгісіз, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді ұстау.
Жалпы, жыл басынан бері көлік полицейлері 81 қылмыскерге іздеу жариялаған. Бүгінгі таңда оның 4-уі қолға түсті. Шараның алғашқы күнінде белгісіз кеткен жеті адамның 5-уі табылып, үйлеріне оралды.
Мемлекетаралық әріптестік қарым-қатынас нәтижесінде ТМД елдері ішкі істер органдарымен 11 іздеудегі қылмыскер құрықталды.
Биылғы жылы Көліктегі ІІД-нің қылмыстық іздестіру полицейлері Украина мен Ресей Федерациясында 3 рет іссапарда болып, ұзақ уақыт іздеу жүрген 4 қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.