Адам өлтіріп, оны шошқаға жем еткен Қазақстан азаматы сотталды

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сот шешімі бойынша қазақстандық азамат 17 жылға, ал оның сыбайласы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Омбы облыстық сотының шешімі бойынша, 40 жастағы Қазақстан азаматы мен 43 жастағы Омбы облысы, Любинск ауданының тұрғынына қатысты шешім шығарды. ҚР азаматы 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режімдегі тәртіпті түзеу колониясында өтейді. Ал оның сыбайласы, үш баланың анасы 9 жылға сотталды, ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады”, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлер Боголюбовка ауылында тұратын 57 жастағы фермердің ақшасы бар екенін біліп, қасақана қылмысқа барған. Фермерге ішімдік беру туралы ұсыныс әйел тарапынан түскен.

“2017 жылдың 14 ақпанында сотталушы жәбірленушімен бірге ішімдік ішіп, артынша оны буындырып өлтірген. Бұдан кейін қаскөйлер 200 мың рубль көлемінде ақшаны қолды қылып, оны жеке бас пайдасына жаратып жіберген. Қылмысын жасыру үшін қаскөй фермердің мүрдесін
шошқаға жем еткен”
деп хабарлады прокуратурадағылар.