"Адам өзгермейді екен": Ерболат Беделханның әйелімен ажырасып кеткені рас па?

Бұл туралы Асыл Беделханның instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Мен ажырасуды таңдауға жиі кез болдым ба? Әлде кешіріп, әрі қарай өмір сүре беремін бе? Не тоқтатты? Қазір ойласам, бұл менің қорқақтығым. Адам өзгермейді екен. Менің кеңесім, жақын адамыңды өзгертуге тырыспай ақ қой. Біреуге бейімделудің қажеті жоқ. Мен ұзақ уақыт бойы өзімді бөлшектеп жинап жүрмін, әлі де солай. "Мен", - деген өзіңізді жоғалтып алмаңыз", - деп продюсер жазба қалдырды.

Продюсердің оқырмандары жұлдызды жұп ажырасып жатыр деген ойға келді.


"Ажырасып жатсыздар ма?", "Ажырасып кеттіңіздер ме? Өкінішті ақ", "Ерболат аға, көзіңізге шөп салды ма? Ол менің бала кезімнен бергі кумирім ғой. Болашақта күйеуім Ерболат Беделхан сияқты болса деймін. Ол көзіңізге шөп салмады ғой, иә? Олай болмады деген ойдамын, жанымды жараламаңызшы", "Топтың не үшін тарағанын түсінген сияқтымын. Менің ойымша сіз өте қиын адамсыз, кешіріңіз", - деп пікірлерін білдірді продюсердің оқырмандары.