Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл түрмелер мен балалар мекемелерін аралауда

Сапар барысында адам құқықтары жөніндегі ҚР Ұлттық орталығының жетекшісі Вячеслав Калюжный, азаматтық және саяси құқық бөлімінің меңгерушісі Елена Савельева, ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Сергей Тимоховичтер уәкілетті өкілмен бірге жүреді.

Атап айтсақ, сапар барысында Б.Байқадамов ЕС-164/6 түзету абақтысында, Жасөспірімдер және Балалар үйінде, жетімдер мен мүгедек балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарда, "Отбасылық үлгідегі балалар ауылы" мемлекеттік мекемесінде болады. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл тұрғындарын қабылдайды.
Сапардың басты мақсаты - адам құқығы мен бостандығын сақтау мен қорғауға, адам құқықтары саласындағы құқықтық ағартушылыққа, сотталғандармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық тәртіптерін сақтауға, БҰҰ комитетінің бала құқығы жөніндегі нұсқауларына қатысты Қазақстандық заңдардың орындалуын тексеру болып табылады.
Бұған дейінгі Шығыс Қазақстан сапары секілді бұл жолға сапар да ЮНИФЕМ және ЮНИСЕФ ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылады.